БҚО-да ауыл тұрғыны жасырын бөлмеде есірткі зертханасын жасаған

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35 жастағы ауыл тұрғынының үйінен жасырын бөлме тапқан. Бұл бөлмеде ер адам есірткі өсіру үшін зертхана жабдықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөлмеден 24 грамм кептірілген қарасора, және оның өсіп тұрған 5 түбі мен екі желдеткіш құрылғылары, сондай-ақ шегуге арналған әртүрлі құралдар тәркіленді. Сонымен қатар өсімдіктердің өсуіне жағдай жасау үшін пайдаланылған түбі мен мойны кесілген екі пластик бөтелке табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қудаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабына сәйкес бұндай қылмыстар үшін екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру не үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды