Kaspi.kz Moody’s-тен инвестициялық деңгейдегі рейтинг алды

Сурет: Kaspi.kz
Kaspi.kz компаниясы екінші халықаралық кредиттік рейтингке ие болды. Moody’s Kaspi.kz-ке тұрақты болжамымен Baa3 деңгейіндегі инвестициялық рейтинг берді.

Бұл 2024 жылдың екінші жартысында Fitch агенттігінен алынған BBB- инвестициялық кредиттік рейтингімен және тұрақты болжамымен сәйкес келеді.

Moody’s сарапшыларының пікірінше, рейтинг Kaspi.kz-тің әртараптандырылған бизнес-бағытын, ШОБ дамытудағы көшбасшылық орнын және қаржылық көрсеткіштерінің жоғары болуын, соның ішінде табыстылықты, капиталдандыруды және өтімділікті көрсетеді.

"Бұл – соңғы бірнеше айда Kaspi.kz алған екінші инвестициялық деңгейдегі рейтинг. Халықаралық рейтинг агенттіктері біздің әртараптандырылған бизнес-моделімізді, нарықтағы көшбасшылық орнымызды және тұрақты жоғары қаржылық нәтижелерімізді атап өтуде". Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz-тің миссиясы – инновациялық өнімдер мен сервистерді жасап, сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсарту. Инновациялардың орталығында – Қазақстандағы ең танымал Kaspi.kz суперқосымшасы бар. Оны 14 миллионнан астам қазақстандық қолданады және ол елдегі жетекші электронды коммерция, төлем және қаржылық қызметтерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізілетін онлайн тауарлар сатып алады, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін алады, туристік пакеттер сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Сондай-ақ, Kaspi.kz бизнеске арналған суперқосымша – Kaspi Pay әзірледі. Оны Қазақстандағы 700 мыңға жуық кәсіпкер қолданады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қаржыландыру алады, төлемдер қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді, электронды коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, тауарларын бүкіл ел бойынша сатады.

2025 жылдың қаңтарында Kaspi.kz Түркиядағы электронды коммерцияның жетекші технологиялық платформасы – Hepsiburada-ның 65,41% акциясын сатып алды. Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі кейстік зерттеу жазды және осы материалдар негізінде Гарвардтағы MBA студенттері оқиды.

Kaspi.kz 2024 жылдың қаңтарынан бастап Nasdaq-та саудаланады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды