Шенеуніктер Астанадағы ақылы тұрақ мәселесін талқыға салды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 2025 жылғы 5 наурызда палатаның жалпы отырысында Астанадағы жеке автотұрақ иелері орасан зор ақша алып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілісменнің айтуынша, Астанадағы жеке автотұрақ иелері іс жүзінде ештеңе істемейді, дегенмен қыруар пайдаға кенеліп отыр.

"Қомақты қаражат жиналады. Бюджетте қаржы проблемалары туындаған жағдайда, бұл жеке автотұрақтарды мемлекет меншігіне қайтару керек шығар", – деді Бақытжан Базарбек.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттың сұрағына жауап бере отырып, қатынасты сотта анықтағаннан гөрі бизнес иелерімен келісімге отырған дұрыс екенін атап өтті.

"Егер мәслихат өз қаулысында автотұрақтар көп қабатты болуы керек десе, бір көлікке арналған алаңды белгілесе, онда құрылыс салушы мұны істеуге немесе жер учаскесін беруге мәжбүр болады. Бұл мәселелерді жан-жақты шешу қажет", – деді ол.

Өз кезегінде Астана әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев Мәжілістің куларында әкімдік жеке автотұрақ иесімен келісімді бұзып жатқанын хабарлады. Қазір тұрақ иесінің мемлекетке беруі керек мүлкі бағалануда. Барлық даулар сот тәртібімен шешілетін болады.

Өтебаев елордада бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ ақылы автотұрақтарға іргелес аумақтардың иелері тегін тұрақ пайдаланатынын еске салды. Сондай-ақ мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандардың жанында тұрақ тегін.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды