"Шымкентте күн күрт ысып, Астанада боран ұйтқиды". Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде, яғни 2025 жылдың 6, 7 және 8 наурызында Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

6 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -6...-8°C, күндіз: шамамен 0°C.

7 наурыз: аспан бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -3...-5°C, күндіз: 0...-2°C.

8 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°C, күндіз: 0...-2°C.

Шымкент

6 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -1...+1°C, күндіз: +15...+17°C.

7 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр). Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +4...+6°C.

8 наурыз: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +10...+12°C.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда алдағы үш күнде тағы да қар жауады деп болжанатынын жариялаған.

Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз