Алматыда қар мен жаңбыр жауады: 6, 7 және 8 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматыда алдағы үш күнде тағы да қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Болжам бойынша, алдағы бейсенбіде, 2025 жылдың 6 наурызында оңтүстік астанада құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +8+10°C.
Ал жұма және сенбі күндері Алматыда ауа райының нашарлауы күтіледі:
- 7 наурыз – құбылмалы бұлттылық, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0°C шамасында, күндіз +4+6°C;
- 8 наурыз – құбылмалы бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +3+5°C.
Қазақстанға қыстың қайтып келе жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript