Павлодарда сатушыдан 20 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Павлодарда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, полицейлер құны 20 млн теңгеге жуық болатын 4 мыңға жуық вейпті тәркіледі.

Тыйым салынған тауар Торайғыров көшесіндегі дүкеннен табылды. Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналған.

Тыйым салынған электронды темекі сатумен айналысты деген күдікпен 20 жастағы дүкен сатушысы ұсталды.

Қазіргі таңда оған қатысты "Темекіге жатпайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерді және оған байланысты сұйықтықтарды сатуға, таратуға және пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

"Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының басты басымдығы болып қала береді. Полицияның міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауап береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады