Ол Қазақстан дәстүрлі түрде Өзбекстанға сиыр етін экспорттаушы ел екенін еске салды. Жыл сайын бұл өнімнің 20 мың тоннадайы көрші мемлекетке жөнелтіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері сиыр еті бағасының индексі 8,4%-ға өсті, апта сайынғы бағаның өсуі 0,6%-ды құрады.
"Жыл басынан бері 20 облыстың барлығында баға өсімін байқадық, әр өңірде әртүрлі, біреуінде көп, біреуінде азырақ. Түркістан облысында ресми статистика 3,1% өсім көрсетіп отыр. Жалпы республика бойынша баға ресми статистика бойынша тағы 2800 теңгені құрап отыр", – деді Қайрат Төребаев.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет бағасының қымбаттауына Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты екенін хабарлаған болатын.