Көктөбедегі Көрісу күні! Алматыда аспалы жолмен тауға көтерілу тегін болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылы 14 наурызда Алматыдағы Көктөбеде Наурызнама онкүндігінің алғашқы күнінде халық Амал мерекесі – Көрісу күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы күні қала халқы мен қонақтары театрландырылған концертті тамашалау әрі келіп жеткен Наурыз мерекесімен бір-бірін құттықтау үшін Көктөбе басына жиналады. 

"14 наурыз күні мерекеге орай Көктөбе аспалы жолымен сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тегін көтерілуге болады". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дәстүрге сай Көрісу күні қала тұрғындары мен қонақтары қыстан аман шығып, көктемнің келуімен бірін-бірі құттықтап, жылы жүздесіп, қол алысып, құшақтасып, төс қағысады, үлкендер жастарға бата беріп,  жақсылық пен молшылық тілейді.

Сондай-ақ осы күні сағат 11:00-де Көктөбеде ашық аспан астында Көктөбедегі Амал күні атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, "Жігіттер" тобы, Айгүл Қосанова және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.

Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. 

Бұған дейін 2025 жылы 15 наурызда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Алматының Алмалы ауданында Құрманғазы көшесінде, Достық даңғылынан Пушкин көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы қиындайтынын ескерткен болатынбыз.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды