Алматыда Құрманғазы көшесімен жүру уақытша қиындайды

Рабочие, дорожно-ремонтные работы, установка бордюров, бордюры, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2025 16:50 Фото: Zakon.kz
2025 жылы 15 наурызда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Алматының Алмалы ауданында Құрманғазы көшесінде, Достық даңғылынан Пушкин көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы қиындайды.

Уақытша шектеулер жолдың жоғарыда аталған бөлігінде жылу желілерінің үстіндегі асфальт жабындысының шөгуін жою мақсатында енгізіледі.

Бұл ақауды мамандар анықтаған, ал жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді.

Көлік қозғалысын шектеу туралы ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз." Алматы қаласының әкімдігі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: