Алматыда Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматының Бостандық ауданында 2026 жылғы 3 қазан сағат 09:00-ден 5 қазан сағат 20:00-ге дейін Байсейітова көшесінің Абай даңғылынан №45 үйге дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметінше, шектеу магистральдық жылу желісіндегі жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға бағытталған.
Компания өкілдері уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, тұрғындарды түсіністік танытуға шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript