Мемлекет басшысының қатысуымен Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы басталды

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың IV отырысына Президент, Мәжіліс және Сенат төрағалары, үкімет мүшелері, депутаттар мен ұлттық комиссия мүшелері қатысып жатқанын хабарлады.

Ол Атырауда өткен Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша не атқарылғанын айтты. Атап айтқанда, оның айтуынша, есірткі қылмысымен және ойынға тәуелділікпен күресу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі сату және бұзақылықпен күресу стандарттары бойынша түзетулер қабылданған. Сонымен қатар, электрондық темекілерді сатуға тыйым салынды.

Жалпы, өткен жылғы құрылтайда көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында 10 заң әзірленсе, бүгінде оның 9-ы қабылданған.

2025 жылдың 13 наурызында Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы басталған.

Бұған дейін Бурабайдағы Ұлттық Құрылтайдың жұмысына қатысты журналистердің сауалдарына жауап берген Аида Балаева құрылтайдың 100-ден астам мүшесі талқылауға қатысып, күннің бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамудан бастап, жас ұрпақ тәрбиесіне дейінгі ауқымды мәселелерді қамтитын 120 ұсыныс жасалғанын айтты. Ал Саясат Нұрбек IV отырыс алаңында биыл Қазақстан тарихына арналған жеті томдық жаңа кітаптың тұсауы кесілетінін айтты.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі