Ақтөбеде 100 әже мен 100 келін ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе өңірінде жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында бірқатар шара ұйымдастырылуда. Облыс орталығында 14 наурыз Көрісу күніне орай, "Амал келді – жыл келді" атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараның ерекшелігі сол – ақ кимешек киген 100 әже және ақ орамалды 100 келін Ақтөбе көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарды таңғалдырды.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік бағдарлама қазақ мәдениетінде айырықша орын алатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызды дәстүр "Бастаңғы" көрінісімен басталды. Әрі қарай көш керуенімен ұласты.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тарихымыз бен мәдениетіміз сән-салтанат құрған көш-керуенді "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық филиалының аналары, Алматы ауданының аналар кеңесі, аналар алқасы, Алматы аудандық ақсақалдар алқасы бастады.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақжаулық әжелер алаңда жиналған жұртпен амандасып, Көрісу дәстүрін көрсетті, келіндер үлкендерге сәлем етті.

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шара соңында ақтөбеліктер жайылған дастарқаннан, Наурыз көжеден дәм татты. Одан бөлек, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысыр, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады