Қазақстанға Ядролық энергетика агенттігі не үшін қажет – сарапшы пікірі

Сурет: pixabay
Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент елімізде Ядролық энергетика агенттігі құрылатынын жариялады. Атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров Қазақстанға оның не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның пікірінше, бұл шешім әлдеқашан пісіп-жетілген әрі Қазақстан алдында үш атом электр станциясын салудан бастап ядролық кластерді толыққанды қалыптастыруға дейінгі жаңа перспективаларды ашады.

"Үлкен істер өршіл шешімдерден басталады, менің ойымша, мұндай агенттікті құру атом энергетикасын тиімді және қауіпсіз дамытудың жалғыз сенімді жолы болып табылады. Мұндай құрылымдар басқа елдерде бұрыннан бар және өз міндеттерін сәтті орындап келеді. Қазақстан - орасан зор уран әлеуетіне ие ел әрі ол атом энергетикасындағы біздің позициямызды нығайтуға бағытталуы тиіс еді", деп жазды Тоқтаров Facebook-тегі парақшасында. 

Ол Ядролық энергетика агенттігін құру ядролық саланы толыққанды дамыту үшін мүмкіндіктер ашатынын нақтылайды.

Сарапшы технологиялық артықшылық - бұл кездейсоқтыққа жатпайтын біздің таңдауымыз, оған қол жеткізу үшін біз Қазақстанның нақты әлеуеті бар салаларға баса назар аударуы керектігін айтады.

Сарапшының пікірінше, бұл бағыттағы жетістікке жету үшін агенттік мынандай кешенді міндеттерді қамтуы керек:

"Әрине, агенттік құру - тек формальдылық емес, маңызды құрылымдық реформа. Біздің алдымызда бірнеше басты міндеттер тұр", - дейді маман.

Атап айтқанда: 

"Ядролық энергетика агенттігі - саланы дамытуда көшбасшылық рөл атқаратын орган екеніне сенімдімін. Егер біз Францияның, Ресейдің, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның немесе Канаданың озық тәжірибесін пайдалансақ және олардың қателіктерінен сабақ алсақ, Қазақстанды әлемдік ядролық нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналдыра аламыз", - дейді Тоқатров.

Маманның пікірінше, ол үшін қысқа мерзімді міндеттерді ғана емес, ұзақмерзімді стратегияны да құра білуіміз қажет: ядролық технологияларды дамыту, медицинада, өнеркәсіпте, экологияда жаңа шешімдерді енгізу.

"Агенттік осы миссияны орындаған кезде Қазақстан өзін таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдегі ядролық инновациялардың орталығына айнала алады".  Атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров

Айта кетсек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин IV Ұлттық құрылтайдың басты ерекшеліктерін атаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Наурызнама онкүндігі: бүгін – Шаңырақ күні

Мемлекет басшысының қатысуымен Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы басталды

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Мықты мемлекеттің мәдениеті де мықты болуы керек

Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 130 жыл: ақын өмірінің ел тарихындағы алар орны