Елімізде мұғалімдердің өз оқушыларына ақылы түрде қосымша сабақ беруіне тыйым салынуы мүмкін

Мұғалім, оқушылар, ақылы сабақ, тыйым, Жұлдыз Сүлейменова, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 17:16 Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мектеп мұғалімдеріне ақылы қызмет түрін ұсынуына тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр "Білім туралы" ҚР заңына енгізілмек түзетулер мен өзгерістер жайынан ақпарат ұсынды.

"Министрлік репетиторлық орталықтардың жұмысына, олардың салық салымына, сондай-ақ балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілігіне қатысты бірқатар түзетулер енгізгелі жатыр. Сондай-ақ біз мұғалімдерге өз оқушыларына ақылы негізде қосымша сабақтар беруге тыйым салуды да қарастырудамыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, мұғалімдер онсыз да баланы оқытқаны үшін жалақы алады.

"Менің ойымша, әр мұғалім үшін бұл - этика мәселесі. Тыйым салу мәселесі әлі де талқыланып, жан-жақты қарастырылатын болады. Мемлекет баланы оқытуға жеткілікті қаражат бөледі. Бұл балаға сапалы білім беру - мұғалімнің міндеті", - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында "ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған талапкерлердің нәтижесі қайта тексеріле ме" деген сұраққа жауап берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: