Жаңаөзендегі түлектер кортежі: қатысушыларға қатысты тексеріс болуы мүмкін
Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Жаңаөзенде өткен түлектер кортежіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда кортежге тек көліктер ғана емес, тікұшақтар да қатысқаны, ал түсірілім дрон арқылы жүргізілгені көрсетілген.
Министр бұл видеоны әлі көрмегенін айтып, жағдайға баға беруге асықпайтынын жеткізді.
"Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы міндетті сипатқа ие. Егер бұл жағдай қоғамдық тәртіпке қатысты болса немесе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері бұзылған болса, онда заңнамаға сәйкес тиісті тексерулер жүргізіледі", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министр этикалық жағына қатысты әзірге пікір білдіруден бас тартты.
"Алдымен көрейік. Көрмей тұрып ештеңе айта алмаймын", – деді ол.
Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова БЖБ мен ТЖБ тәжірибесінен біртіндеп бас тарту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript