Қазақстан мен Ресей арасындағы тас жолдың бір бөлігін су басып қалды

Сурет: pixabay
Қостанай облысы Жітіқара ауданында күннің жылынуы мен қардың еруі салдарынан республикалық маңызы бар KZ10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолының 9-шақырымындағы жолды су шайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұзындығы 40 метр, биіктігі 10 сантиметрге дейін жететін су шаяу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы бейтарап аймақта, Желқуар өзені бойында болды.

"Бұл - көпір өткелінің болмауына байланысты жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс. Елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қозғалысы сақталған". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Аталған аумақта жүргізушілерге мүмкін болатын қауіптер туралы ескертетін белгі бағаналары орнатылды.

"Жағдай бақылауда", - делінген хабарламдама.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды