2025 жылғы 19 наурызда сағат 00:00-ден 24 наурыз күні 00:00-ге дейін Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі учаскедегі Универсиадная көшесі бойынша қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл шешім іс-шараларға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
22 наурыз күні сағат 19:00-де "Алматы Аренада" өтетін "Tynda Music" концертіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ Наурыз мейрамының мерекелік іс-шаралары аясында қосымша тұрақ аймақтары ұйымдастырылады:
Момышұлы көшесіндегі жаңа мешіт аумағында;
"Алматы Арена" спорт кешенінің аумағында;
"Алатау" дәстүрлі өнер театрының аумағында.
Қала әкімшілігі Алматы тұрғындары мен қонақтарын маршруттарды алдын ала жоспарлауға, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруге және ұсынылған тұрақ аймақтарын пайдалануға шақырады.