Ұлттық спорт күнінде Қызылордада дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Салтанатты шара, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, жаңа нысан Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында Ыбырай Жақаев ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты жиынға Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары келді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы "Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз", – деген болатын. Бұл бағытта облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалуда", - деді Нұрлыбек Нәлібаев. 

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңір әкімі өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында  "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілгенін еске алды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион салынуда. Нысан алдағы мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері Қызылорда қаласында көпбейінді "Қызылорда Арена", дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа кешендер қолданысқа берілді. Дәл осындай спорт кешені ертең екі ауданда ашылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ыбырай Жақаев ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына жиналдық. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!". Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Рәсімде Шиелі ауданының дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін – қасиетті Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді

Жаңа энергетика министрі үкіметке ант берді

Ресей мен АҚШ арасындағы Эр-Риядтағы келіссөздер: қорытынды мәлімдеме болмайды