Ұлттық киім киіп, көшеге шыққан Ақтау тұрғындары әлемдік рекорд орнатты

Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі
Ақтауда ұлттық киімдегі 5 мыңнан аса адам жағалауға жиналып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында “Best Fest Nauryz” ұлттық киім фестиваліне тіркелген қатысушылар жағалауға жиналып, ол араға Гиннестер рекордтар кітабының өкілдері де келген.  

Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі

"Ауқымды ұлттық жобаға тіркелгендердің саны 5 мыңнан асады. Резервте тағы 100 адам бар", деп нақтылайды әкімдік.

Айтулы оқиғаны Гиннестер рекордтар кітабының штаб-пәтері Лондоннан келген өкілдер тіркеді.

Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі

Бұған дейін Көкшетауда "Кимешектегі аналар" шеруі көпті тәнтті еткенін жазғанбыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр