Көкшетауда "Кимешектегі аналар" шеруі көпті тәнтті етті

Кимешек, шеру, Көкшетау, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2025 12:25 Сурет: видеодан алынды
Көкшетауда Наурыз мейрамына орайластырылған "Кимешектегі аналар" шеруіне, бастапқыда 200-300-ге жуық адам қатысуы керек болған, алайда мерекеде оған үш мыңға жуық адам келіп қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысының видеосымен блогер Ринат Галлямов әлеуметтік желіде бөлісті.

Видеода топ кимешектегі аналар халық әні "Сәулем-айды" орындап, сол маңдағы адамдарды Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Кимешек – күйеуге шыққаннан соң қазақ әйелдерінің киетін бас киімі. Еуразия кеңістігінде көптеген елдерде, оның ішінде қазақ халқында өте көнеден қалыптасқан дәстүр бойынша әйел адам шашын жауып жүретін болған. Кимешектердің әшекейленуі әйелдердің жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік орнын аңғартады. Айталық, жас келіншектерге арналған кимешектің бет жақтауы кеңдеу болады. Қызыл, күлгін түсті жіптермен кестеленген жас келіншектердің кимешектері көздің жауын алады. Оның сыртынан шылауыш тартады. Ал мосқал тартқан әйелдердің кимешегінің бет жақтауы тарлау келеді де, әдемі кестеленеді, бірақ әшекейленбейді.

Бүгін робот-гуманоидтар алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтауда. Оларды Қабанбай батырдан Төле биге дейінгі Панфилов көшесінде сағат 22:00-ге дейін кездестіруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: