75 млн теңгені қалтасына баспақ болған "Алматы Су" компаниясының директоры бас бостандығынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Прокуратура "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректорына қатысты үкімге шағымданды. Оған 75 миллион теңгені жымқырмақ болғаны үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикор ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.

Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңгежымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жолдыбаевқа5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Алайда, агенттіктің 2025 жылғы 26 наурыздағы ақпаратына сүйенсек, қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Осылайша: 

"Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды".

Сот залында сотталған адам қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Павлодар облысында жылдамдық режимін бұзған 21 мыңнан астам жүргізуші жазаланғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды