Қазақстандық әскери қызметке шақыру жасына дау айтпақ болып, сотқа жүгінді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Конституциялық сот қазақстандықтың әскери-дәрігерлік сараптама үшін жас шегіне дау айту туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, өтініш беруші Қағидаларда көрсетілген медициналық қайта куәландыру үшін белгіленген жас шектелімі (27 жас) оның еңбек бостандығына, қызмет түрін және мамандығын еркін таңдау құқығына нұқсан келтіретінін айтады, бұл құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабында бекітілген.

Конституциялық Сот жас шегінің Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабымен сәйкес келетінін атап өтті, онда "он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады".

Сонымен қатар, өтініш мазмұнынан және оған қоса берілген құжаттардан өтініш субъектісінің, оның жасы ескеріле отырып, мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар санатына жатпайтыны келіп шығады.

"Осыған байланысты өтініш беруші даулап отырған Қағидалар нормасы оның құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғамайды",- делінген ақпаратта.

Алдын ала қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік