Наурыздың соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: unslpash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін