Өскеменде полицейлер бопсалаушыны ақша алып жатқан жерінен ұстады

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының орталығында полицейлер өңірлік прокуратураның үйлестіруімен бопсалаумен айналысты деп күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін құқық қорғау органдарына 20 жастағы қала тұрғыны, танысының хабарласып ақша талап еткенін және бермесе күш қолданамын деп қорқытқанын айтып, жүгінген.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті қаладағы аулалардың бірінде ақша алу кезінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіні үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған