"ҚАЗАҚСТАН" телерадиокорпорациясы жеңістің 80 жылдығына орай 80 бейнеролик түсірді

Сурет: «ҚАЗАҚСТАН» телерадиокорпорациясы
"Ержүрек есімдер" атты бейнероликтер циклы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 80 қазақстандық батыр туралы баяндайды. Роликтерде әрбір кейіпкердің өмір жолы мен жауынгерлік ерлігі, жеңіске қосқан үлесі көрсетіледі.
Бейнероликтер топтамасы "Qazaqstan" телеарнасы мен "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты 14 аймақтық телеарналардың эфирінен 27 наурыздан бастап, 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін көрсетіледі.
Сондай-ақ, "Ұмытылған қаһармандар" (2019 ж.), "Герои Великой Победы – Казахстанцы" (І том, 2016 ж.), "Герои Великой Победы – Казахстанцы" (ІІ том, 2016 ж.), "Сайыпқыран сарбаздар" (2022 ж.) кітаптарынан ақпарат алынды.
"Ержүрек есімдер" жобасын жасауда республика бойынша әр өңірдің Ардагерлер кеңесі ұйымынан, батырлардың ұрпақтарынан автобиографиясы мен естеліктер жинақталды.
Жобаның мақсаты – соғысқа қатысқан қазақстандық батырлар туралы ақпараттарды жүйелей отырып, олардың тарихи ерлігіне құрмет қалыптастыру.

Бейнероликтер көрермендердің Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы білімін кеңейтуге, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді