Қазақстанда sim-box қылмыстық желісі әшкереленді: шетелдік азамат ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны Фото: Zakon.kz
Петропавлда ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Tele2 ұялы байланыс операторымен бірлесіп, sim-box құрылғыларын телефон алаяқтығын жасау үшін пайдаланған ірі қылмыстық желінің қызметін тоқтату бойынша операция жүргізді.

Нәтижесінде заңсыз қоңырауларды бағыттау жүйесін ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды.

"Қылмыскерлер sim-box-ты нөмірлерді ауыстырып, қоңырауларды жасыру үшін пайдаланған. Бұл оларға қауіпсіздік жүйелерін айналып өтуге, алаяқтық қоңырауларды жасыруға және азаматтарға, банктер мен мемлекеттік құрылымдарға шабуыл жасауға мүмкіндік берген. Тінту барысында үш пәтерден әрқайсысында 32 sim-картадан орнатылған төрт sim-box құрылғысы, төрт маршрутизатор, төрт Wi-Fi роутері, ноутбук, екі ұялы телефон және флэш-карта табылып, тәркіленді," – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Жыл басынан бері киберполицейлер байланыс операторларымен бірлесіп, 68 sim-box құрылғысын, қылмыстық схемаларда пайдаланылған 88 мыңнан астам sim-картаны тәркіледі. 29 адам ұсталды, оның ішінде 13 шетелдік азамат.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңсыз желіні ұйымдастырғаны және интернет-алаяқтарға көмектескені үшін ұсталғандарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ІІМ азаматтарды мұқият болуға және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды