Баянауыл ұлттық саябағында дала өрті сөндіріліп жатыр

Сурет: pixabay
4 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай орманшылығының аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазавиаорманкүзеті мен орманшылықтың күштері және құралдары дереу жіберілді. Барлығы 85 адам және 24-тен астам бірлік техника жұмылдырылды.

"ТЖМ Командалық орталығында ТЖ вице-министрі Рамиль Камаловтың басшылығымен өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қатты жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты. Осыған қарамастан құтқарушылар өрттің елді мекендерге таралуына жол бермей, сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тұрғындар үшін қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына  құтқарушылардың қосымша топтары жіберілді.

Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ, ЭТРМ, ЖАО бөлімшелерінің бірлескен күшімен тұрақтандырылды, ТЖМ жедел штабының ерекше бақылауында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін