Абай облысындағы өрт: жалын "Семей орманына" жетті

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін күндіз Абай облысының Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында құрғақ шөп өртенді. Екпіні секундына 26 метрге жеткен желдің салдарынан өрт тез тарады. Дала өрті ішінара "Семей орманы" МОТР Морозов филиалының орман алқабына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша өрт орнындағы құтқарушылар тобы "Семей орманы" бөлімшелерін қолдау және өртті жедел жою үшін күшейтілді.

Жұмысты үйлестіруді ТЖМ Командалық орталығы, жедел штабты вице-министр Батырбек Әбдішев басқарып жатыр. Өрт орнына өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев дереу шықты.

Сөндіруге Абай облысы, Павлодар облысы ТЖД, "Семей орманы" және "Ертіс орманы" орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 240 адам және 96 бірлік техника тартылды. Облыстың ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен әуеден барлау жүргізіліп жатыр.


"ТЖМ өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін Экология министрлігіне отпен күресте жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай үнемі бақылауда", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді