30 миллиард теңге залал: Алматыдағы алты микроқаржы ұйымға қатысты жаңа мәлімет тарады

30 миллиард теңге залал: Алматыдағы алты микроқаржы ұйымға қатысты жаңа мәлімет тарады Сурет: Telegram/afm_rk
ҚМА Алматыда алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметіне қатысты жаңа мәліметтерді таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. 

Белгілі болғандай, алты МҚҰ бір құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған. 

"Сот,  қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал МҚҰ алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды.

Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. 

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды