Алматыда ауа райының қолайсыздығынан екі ауданда жарық өшіп қалды

Сурет: unsplash
7 сәуірде Алматыда найзағай мен жел күшейіп, дүлей дауыл соқты, салдарынан екі аудандағы бірнеше шағын ауданда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Алатау Жарық Компаниясы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызбай ауданындағы Ақжар, Карьер, Ақсай шатқалы және Тау Жолы шағын аудандарында бес апаттық оқиға болды.

176 трансформаторлық қосалқы станция мен 1 865 тұтынушы жарықсыз қалды.

Бостандық ауданында Нұр Алатау ауданында екі жерде жарық өшкен, салдарынан 11 трансформаторлық қосалқы станция мен 111 тұтынушы электр қуатынсыз қалды.

Компания өкілдері бұл жағдайдың бәрін регламентке сәйкес аз уақыт ішінде қалпына келтіретінін мәлімдеді. "АЖК" бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Алматыда 7 сәуір күні кешке күн күрт бұзылып, ауа райы нашарлады. Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соқты.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға маңызды мәлімдеме жасады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті