Ақтөбелік шенеунік жол сызбаларына бөлінген миллиондаған теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырған

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының No2 соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Шенеунік пен кәсіпкер бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы 2025 жылғы 8 сәуірде хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Ақтөбе қалалық прокуратурасы бюджет қаражатының игерілу тиімділігін тексеру қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.


"Тергеу барысында Актөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталды." Ақтөбе облысының прокуратурасы

Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, ал ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемденілген.

Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

Осы факті бойынша ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Іс сотқа жолданды.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді қарап, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сотталған тапсырыс берушіні мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ал мердігерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс