Астанада Диснейленд салынбайтын болды

Сурет: pixabay
Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев 2025 жылғы 8 сәуірде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Астанада Диснейленд типі бойынша ойын-сауық орталығы салынып-салынбайтынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр Диснейленд емес, ойын-сауық саябағы салынатынын айтты.

"Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда Астанада туристік квартал бар, бұл үлкен ойын-сауық паркі болатын маңызды кешен. Жоба іске асыру сатысында. Иә, жоспарлар бар. Бірақ бұл Диснейленд емес. Ол "Барыс Аренаның" артында салынады", – деді Ержан Еркінбаев.

Жобаны шетелдік инвестор жүзеге асырады.

"Бұл үлкен кешен, ойын-сауық орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақ үй. Біздің елордада туристерді тартатын маңызды дестинация болады деп ойлаймыз. 2027 жылы осы үлкен кешеннің туристік элементі пайдалануға беріледі", – деп түйіндеді спикер.

Бұған дейін Алматы әкімі "Медеу" мен Орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары қашан басталатынын айтқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылуына қатысты

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті