Алматы әкімі "Медеу" мен Орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары қашан басталатынын айтты

Алматы қаласында негізгі қалалық нысандарды жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025 жылғы 8 сәуірде өткен Үкімет отырысында биылғы жылы "Медеу" БСК, сондай-ақ сыйымдылығы 35 мың көрерменге дейін ұлғайтылған Орталық стадионды қайта жаңарту басталатынын айтты. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.
"Бұл шаралар нысандардың жайлылығы мен функционалдығын арттырып қана қоймай, ірі концерттер мен іс-шараларды өткізуге жаңа мүмкіндіктер туғызады", – деді Ерболат Досаев.
Ол туристік қызметтердің экспортын арттыру үшін Алматы қаласы жоғары әлеуетке ие іскерлік туризмді белсенді дамытып жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда MICE және EVENT – инфрақұрылымның 27 жобасы іске асырылуда.
"Ағымдағы жылдың мамыр айында Almaty Museum of Arts және "Целинный" заманауи мәдениет орталығының құрылысын аяқтау Алматының елдің мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін көрсетеді", – деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін Астанадағы жол учаскелерінің бірі күзге дейін жабылатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript