Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана–Алматы" тас жолын қайта жаңарту жұмыстары қашан аяқталады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана-Алматы тас жолы, қайта жаңарту жұмыстары, Көлік министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 19:55 Сурет: Zakon.kz
Марат Қарабаев "Астана–Алматы" тас жолын жаңарту жұмыстары ұзаққа созылып кеткенін, бұл жолдың жақын арада ашыла қоймайтынын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер 2023 жылғы 28 қыркүйектегі брифинг барысында министрден "Астана–Алматы" тас жолын қайта жаңарту жұмыстарының неге ұзап кеткенін, мұның себебі неде екенін сұрады. Көлік министрінің айтуынша, мәселе мердігерлік ұйымдарда көрінеді.

"Бұл шынымен де ұзаққа созылған құрылыс болды, ол үшін тағы да кешірім сұрағым келеді. Мәселе мердігерлік ұйымдарда болып табылады. Біз халықаралық қаржы институттарының қаражатын пайдаландық", - деді Марат Қарабаев.

Жалпы ұзындығы 946 шақырымды құрайтын көлік дәлізі бірнеше учаскеге бөлінген. Министрдің айтуынша, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелерінде айналма жолдар қарастырылған.

Тас жолды қайта жаңарту жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарланған болатын, бірақ жұмысты аяқтау мерзімі кейінге шегерілді.

Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннын кейін бұл тас жолдағы қозғалыс жылдамдығы шамамен 120 км/сағ құрайды, тиісінше Астанадан Балқашқа дейін 6-7 сағат ішінде жетуге болады, деп хабарлады 2022 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Күні кеше ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың тарифін 20%-ға өсіру жоспарланып отырғанын айтқан болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: