Алматы-1 вокзалындағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

Алматы-1 вокзалындағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 16:03 Сурет: Instagram/almaty_transport
Алматыдағы басты теміржол вокзалдарының бірінің келбеті қалай өзгеріп жатқанын қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы айтып, жаңа кадрларды көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша, Алматы-1 вокзалын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарының шамамен 80%-ы орындалған.

"Қазір ғимараттың ішінде жұмыстар жүргізіліп, қасбеті, инженерлік жүйелері мен платформалары жаңартылуда. Сонымен қатар вокзал маңындағы алаң абаттандырылып, жаңа аялдамалар орнатылып жатыр", – деп атап өтті мамандар.

Сондай-ақ нысанда күн сайын 500-ден астам жұмысшы еңбек ететіні айтылды.

Алматы-1 вокзалының қазіргі үш қабатты ғимараты 1976 жылы салынып, пайдалануға берілген. Ал бұл жерде алғашқы уақытша станция сонау 1929 жылы пайда болған. Ғимаратты ауқымды жаңғырту жұмыстары 2025 жылғы наурызда басталды. Бұған дейін нысанда 2007 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.

Вокзалдың қайта жаңғыртудан кейін қандай болатынын ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 18 ақпанда көрсеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: