Жаңалықтар тізбегі
0

Чапай-Жаңақала-Сайқын тас жолындағы қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты тың мәлімет ұсынылды

Жол құрылысы, Чапай-Жаңақала-Сайқын тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2024 12:54 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Чапай-Жаңақала-Сайқын бағытында жүргізіліп жатқан жол құрылысына қатысты толыққанды мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық маңызы бар Чапай-Жаңақала-Сайқын тас жолының 130-191 шақырымы аралығында жалпы ұзындығы 61 шақырымда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады.

"Бүгінгі күнге дейін 13,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аталған нысанда жұмыстарды жалғастыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге қаржы бөлініп, қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы жоспар бойынша 15 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу көзделген", делінген облыстық құзырлы басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, "Чапай-Жаңақала-Сайқын 307-337 шақырым" автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүріп жатқаны да нақтыланады.

"Мердігер ұйым анықталған соң, нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар басталатын болады".


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: