Жаңалықтар тізбегі
0

Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолындағы құрылыс жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолы, құрылыс жұмыстары, аяқтау мерзімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2024 12:35 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы тас жолда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі құзырлы басқарма облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолының 43-93 шақырымы аралығында қолға алынған жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы аяқталатынын нақтылады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстардың 85%-ы орындалды.

"Аталған нысанды аяқтау үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен  3,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2024 жылы Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымы аралығында күрделі жөндеу жұмыстары басталатыны нақтыланады.

"Бүгінгі күнге мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым - "Uniserv" ЖШС анықталды. Нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады", делінген облыстық басқарма хабарламасында.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: