Жамбылда инватакси қызметінде заңбұзушылық белең алып тұр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жамбыл облысында 2000-нан аса мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" арнасының ақпаратынша, мүгедектігі барларға арналған инватакси қызметі заң бойынша үзіліссіз, демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуі тиіс. Алайда, Жамбыл ауданындағы мердігердің күніне 8 сағат қана қызмет көрсеткені анықталды. Сол үшін бюджеттен 7,5 миллион теңге алған. Тексеріс нәтижесінде 2024-жылы да жауапты бөлімнің осындай заңсыздыққа жол берілгені әшкереленді. 

"Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сатып алу саласына жауапты маманы сөгіс түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде инватаксидің жұмыс кестесі заңнамаға сәйкестендірілді. Яғни, қазіргі таңда инватакси қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 24/7, яғни, демалыс күндері, мереке күндері және тәулік бойы қызмет атқаратын болады".Арманжан Әбдібеков, Жамбыл ауданы прокуратурасының аға прокуроры

Бұған дейін ай сайынғы 208 мың теңгелік арнайы әлеуметтік төлемнің кімдерге тиесілі екенін жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі