Көпқабатты үйдің шатырындағы "жеке тұрғын үй": ол туралы не белгілі

Сурет: TikTok/sorpa.kz
Желіде көпқабатты ғимараттың шатырындағы жеке тұрғын үйдің бейнесі жылдам тарауда. Ол туралы не белгілі, Zakon.kz ақпаратында.

Бұл жеке үй Жұмалиев көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында орналасқан. Ол қалай салынды, оның иесі кім әзірге белгісіз. Дегенмен, құзыретті органдар істің мән-жайын анықтауда.

"Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдар жиналуда, оның шеңберінде объектінің құқықтық мәртебесін растау үшін мұрағаттық құжаттар көтерілетін болады", – деп түсіндірді қала әкімдігі.

Сондай-ақ, бұл "нысанды" қабылдау комиссиясы 2012 жылы пайдалануға бергені атап өтілді.

Желі қолданушылары да қалыс қалмай пікір қалдыруда.

Бұған дейін "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілгені хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады