Астана маңында балабақшаға бала таситын автобус апатқа ұшырады

Сурет: КТК телеарнасы
Астана маңындағы Қосшы қаласында балабақшаға бүлдіршіндерді күнделікті таситын микроавтобус жол апатына ұшырады. Балалар мінген көлікке Iveкo маркалы автобус соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Таңғы жетіден екі кетті ме, сол аралықта болды. Көліктер қатты соғылысты, тарс еткен дауыс шықты. Бір Алла сақтады дейді ғой, білмеймін енді, жедел жәрдем келді"Жанна Ембердиева

КТК телеарнасының мәліметінше, көлікте бас-аяғы он бала болған, оның бесеуі ауруханаға жеткізілген. Әбден шошынып қалған балақайлардың төртеуі дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілді. Арасында бұғанасы сынған бала да бар.

Ал жамбас сүйегі мен жіліншігі сынған төрт жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр.Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін