Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай жас ғалымдарға баспана кілтін табыстады

Сурет: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай жас ғалымдарға Алматы қаласынан баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пәтер иегері атанған жас ғалымдар өз әсерлерімен бөлісіп, бұл қадам ғылымға деген ынта мен күш-қуатты арттыруға бағытталғанын айтып өтті.

Генетика және физиология институтының ғылыми қызметкері Шолпан Бахтыбекқызы өзінің зерттеуіне тоқталып, баспана сертификаты үшін алғысын білдірді. 

"Бұл бізге ғылым жолында үлкен демеу болып отыр!", - деді ол.

Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институтының кіші ғылыми қызметкері Анастасия Капытина баспана табысталғаны үшін зор ризашылық білдіріп: 

"Көрсетілген қолдау үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл – мүмкіндікке ие болған барлық жас ғалымдар үшін маңызды оқиға. Мен бұл қолдауға өте ризамын және бұл ғылыми қызметті жалғастыруға үлкен ынталандыру екенін айтқым келеді. Артылған сенім мен ғылымдағы еңбегіміз еленгені үшін рақмет!", - деп атап өтті.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді