Қазақстандағы көп балалы отбасылар орта есеппен қанша төлемақы алады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 15 сәуірде соңғы статистикалық мәліметтерді ұсынды. Бұл жолы көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар мен марапатталған аналарға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 851,4 мың отбасы жалпы сомасы 150,9 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 609,5 мың отбасы 131,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,9 мың адам 19,4 млрд теңгеге қамтылды.

2025 жылдың наурыз айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 857 мың отбасы жалпы сомасы 51,1 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 614,8 мың отбасы 44,6 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 242,2 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты