"Асфальт қайда?". Желіде байқаудан жеңіспен оралған оқушының әзілі қызу талқылануда

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Алматы облысының Іргелі ауылында түсірілген видео тарауда. Онда халықаралық байқаудан жеңіспен оралған жасөспірім аула есігін ашқан анасынан "Асфальт қайда" деп сұрайды. Бастапқыда анасы бұл сөз төркінін түсінбей сасып қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода анасы баласынан "қайдағы асфальтты сұрап тұрсың" деп сұрайды. Бұған жасөспірім: "Мен деген әлемнен бірінші орын алып келіп тұр емеспін бе", - деп жауап береді сұраулы жүзбен. 

Сол кезде сөз төркінін түсінген анасы баласын айналып-толғана бастайды.

"Менің балам әлемнен бірінші орын алып келді, әкім мырза. Біздің көшемізге де асфальт төсеп беріңіз", - дейді кеудесін мақтаныш кернеген Іргелі тұрғыны.

Видео сипаттамасында: "Спортты ғана емес, мәдениетті де қолдау керек" делінген.

Ал видео кейіпкері - Әбілмансұр Далабектің бұл І-орын алып, Бельгиядағы халықаралық байқаудан оралған сәті екен. Ол баян ойнаудың шебері.

Жасөспірімнің бұл әзілі Елдос Сметовке қатысты оқиғаны еске салады. Дзюдошы 2024 жылдың жазында Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Ал Елдос туған жері - Таразға оралғанда оның үйінің алдына жаңа асфальт төселіп қойылған еді, бұл спортшы үшін күтпеген тосын сый болды әрі аталған жайт қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды