Қазақстанның қауіпсіздік күштері ұшқышсыз басқару бойынша жарысқа түсті: үздіктер анықталды

Сурет: МКҚ
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде "Майлан" далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.

Сурет: МКҚ

Турнирдің серіктесі – "Ashyk Aspan Foundation" білім және ғылым қоры.

Сурет: МКҚ

Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК "А" арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

МКҚ

FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі