Бала құқықтарын қорғау комитеті блогерлерге үндеу жасады

Сурет: pexels
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық блогерлерді, инфлюенсерлерді және медиа саласының қатысушыларын балалардың құқықтарын сақтауға және қолданыстағы заңнаманы қатаң ұстануға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлеуметтік желіде баласының құқықтары бұзылғанын мәлімдеген ананың видеоүндеуі тарады. Бұл – танымал блогерлердің бірі жариялаған, кәмелетке толмаған баланы түсірген бейнематериал. Комитет төрағасы Насымжан Оспанова баланың анасымен тікелей байланысқа шығып, жан-жақты көмек ұсынды – психологиялық және заңгерлік көмек қарастырылды", - деп жазылған комитет хабарламасында.

Қажет болған жағдайда Комитет баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ресми түрде сот процесіне қатысуға дайын.

Жақсы ниетпен түсірілсе де, балалар қатысқан контентті жариялау олардың психологиялық жай-күйіне теріс әсер етіп, құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.


"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, кез келген адамның, соның ішінде баланың бейнесін жариялау тек оның немесе заңды өкілінің келісімімен ғана жүргізіледі. Сондай-ақ, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес, баланың бейнесі қолжетімділігі шектеулі жеке дерек боп саналады және заңмен қорғалады. Құрмет, қорғау және қауіпсіздік – әрбір баланың құқығы. Бұл құқықтар шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де қамтамасыз етілуі керек", − дейді комитет.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты