Найзағай, жауын-шашын, екпіні күшті жел: синоптиктер қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады

Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын, көбіне жаңбыр жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 16 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.

Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының шығысында, тау етегіндегі аудандарында 1-3 градус үсік болады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 метрге жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады