Голан жоталарынан Қазақстанға бітімгерлердің қалған бөлігі оралды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясында алғашқы бітімгерлік контингент құрамында қызмет еткен әскери қызметшілерді астаналық әскери авиация базасында қошеметпен күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бітімгерлерді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қарсы алды. Қолбасшылық өкілі оларға адал қызметі және бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. 

Дәл осы рейспен елордаға екінші ұлттық контингенттің командалық құрамына лауазым мен істерді беру үшін Фауардың бітімгерлік базасында қалған 38 әскери қызметші келді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетсек, бір жыл ішінде халықаралық стандарттар мен талаптар бойынша жарақтандырылған дербес қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысқан. Жауапкершілік аймағында жеке құрам 600-ден аса тапсырманы орындады. Қазақстандық бітімгерлердің қызметі БҰҰ миссиясы мен хатшылығы басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды