Улы шұбар, оқ жылан: Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында жылан қаптады

Сурет: pixabay
Шымкентте жеке тұрғын үй секторларында жылан қаптап кетті. Жұрттың үрейін туғызған бауырымен жорғалаушылар, тіпті үй ішіне де басып кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, соңғы айда жедел құтқару жасағының көмегіне 13 адам жүгінген. Мамандар улы шұбар, оқ жыландарын аулағанын айтады.

"Олардың жұп-тасу кезеңі мен, күннің ысуынан әлі де қоңыраулар көбейе түседі", – дейді.

Мәселен былтыр көктем, жаз айларында 286 жылан ұсталған. Алайда оларды қала сыртына шығарумен ғана шектеледі. Сондықтан табиғатқа серуендеуге шыққан тұрғындарға абай болып, жыланға жақындамауға кеңес береді.

"Құтқарушының бірінші міндеті тұрғындардың қауіпсіздігі мен оның денсаулығына түскен қатерге көмек көрсету. Қазір Шымкент қаласы үлкейіп кетті. Кейінгі салынған шағын аудандарда, сырт жақтардан көп шақырту түседі. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған. Арнайы қызметке, мамандарға жүгініп, қоңырау шалып, көмек сұраған дұрыс".Рауан Дүйсенбеков, Қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары

Бұған дейін Павлодарда өрт сөндірушілер қызыл жалыннан үш баланы құтқарып қалғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді