Алматы мен облысты байланыстыратын №237 автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 қарашада Алматыдағы №237 маңызды әрі сұранысқа ие автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді. Оның соңғы аялдамалары – Алматыдағы №7 қалалық аурухана мен Алматы облысындағы Қаратөбе ауылы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған жол жөндеу жұмыстары себеп болған.
"Облыстық маңызы бар "Алмалыбақ (КИЗ) – Жетісу" – "Алматы-1 – Шамалған станциясы – Ұзынағаш" автожолының Ұлан және Көлді ауылдары арасындағы учаскесінде күрделі жөндеу аясында асфальтбетон жабыны төселіп жатыр. Жұмыстар қоғамдық көліктің жүруіне мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты 1 қараша күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін №237 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді", – деп хабарлады бүгін, 30 қазанда Алматының Көлік холдингі.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, №237 автобус мына бағыттармен жүреді:
Солтүстік бағытта: Сұлуcай көшесі – Достық көшесі – Ұлан ауылы арқылы өту – М-36 тасжолы – көпірден түсу – Сорбұлақ трактісі – Шобалов көшесі – әрі қарай бұрынғы бағыт бойынша.
Кері бағытта: Шобалов көшесі – Сорбұлақ трактісі – көпірге шығу – М-36 тасжолы – Достық көшесі – Сұлуcай көшесі – әрі қарай бұрынғы бағыт бойынша.
Бұған дейін Алматыда автобус қозғалысы кестесінің өзгеруіне қатысты түсініктеме беріліп, жолаушыларға ескерту жасалған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript