Қазақстанда қараша жаңбыр, қар және көктайғақпен басталады

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 12:03 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 31 қазан, 1 және 2 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтердің мәліметінше, аталған күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

"Антициклон сілемінің әсерінен Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғады.

Бұдан бөлек, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі.

Айта кетейік, республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 30 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: